Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін

Алматыда карантин ережелері күшейтілуі мүмкін © Әлихан Сариев

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Бекшин.

Алматыда 1 маусымнан бастап қандай нысандар ашылады?

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама