25 наурыз 2020 12:20

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды

Сурет: Алихан Сариев

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда карантин ережелерін бұзғаны үшін 39 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, шекарадан 73 адам өтіп кеткен, 11 кәсіпкерлік субъекті жауапкершілікке тартылды.

Реклама
Реклама

"Карантин режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 84 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 39-ы қамауға алынды. Мысалы, 2020 жылдың 23 наурызында карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен П. есімді адам екі тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді қала прокуратурасының өкілі. 

Сондай-ақ, құжаттарсыз және жоғары бағаға медициналық маскаларды сатқан 9 дерек анықталғаны туралы хабарланды.

"4 миллионнан астам маска тәркіленді, олар Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді", - делінген хабарламада.

Прокуратура төтенше жағдай режимін бұзғандар туралы деректерді мына телефондар бойынша хабарлауға болатынын еске салды: +701-172-27-07, +7-701-755-06-99, кезекші прокурордың телефоны: +7 (727) 265-03-03-03 немесе Алматы, Желтоқсан даңғылы 189 мекен-жайына барса болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram