14 ақпан 2021 | 17:32

Алматыда карантин жеңілдейді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, тамақтану орындары түн ортасына дейін жұмыс істей алады (бірақ шоттар 23.00-ге дейін жабылуы керек).

Базарлар жұмыс және демалыс күндері жұмыс істейді, алайда толымдығы 30 пайыздан аспауы тиіс. Театрлар мен кинотеатрларда да толымдылық осындай болуы керек.

Реклама
Реклама

Сауна, санаторий және бассейндерге де рұқсат етіледі.

Қызметкерлер саны 20 және одан көп ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс режиміне көшіруә тиіс.

Сондай-ақ, 50-ге жуық адамның қатысуымен мәдениет объектілері мен концерт залдарының қызметіне рұқсат етілді.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустарда отыратын орын санының 75 пайызына дейін толымдықпен қатынауына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, балаларды түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының және білім алушылар саны бес адамнан аспайтын оқыту үйірмелерінің жұмысына рұқсат берілді.

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 15 ақпанда күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram