18 маусым 2021 | 19:24

Алматыда карантин жеңілдейді: Бекшин жаңа қаулы шығарды

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа құжатқа сәйкес, Алматыда шектеу шаралары өзгерді. Енді қалада "жасыл" аймаққа сәйкес шектеулер болады. 

Жаңа қаулы 19 маусымда күшіне енеді. 

Реклама
Реклама

 

 

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматы "жасыл" аймақта болғандықтан карантин жеңілдейтінін айтқан болатын. Бекшиннің айтуынша жаңа қаулыда:

    • Шаралар екі блокқа бөлінеді: Ashyq жобасына қатысатын нысандар мен қатыспайтындар.
    • Супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, азық-түлік сататын және азық-түліктік емес базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
    • Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасына қатыспаған, десек те қазір олар да шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ топтарды біріктіріп, шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған және бұл шектеулер сақталады.
    • Кеңседе жұмыс істейтіндерге қатысты: қала "сары" аймақта болғанда 50 пайызына ғана кеңседен жұмыс істеуге рұқсат берілген, енді 70 пайызына рұқсат етіледі.
    • Діни нысандарда 30 пайыз толымдыққа рұқсат беріледі, әр адамға берілетін аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы керек.
    • Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.
    • Фудкорттар 30 пайыз толымдықпен және түнгі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеген болатын, енді олар шектеусіз жұмыс істейді.
    • Асханалар да Ashyq жобасына қатыспаған, десек те олар да тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.
    • Моншалар шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ олар Ashyq жобасына енгізілмеген. Сауна, СПА орталықтары мен бассейндер де шектеусіз жұмыс істеп жатыр.
    • Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная