Алматыда карантин: Қаладан шығаберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды

Видеодан алынған кадр

Алматыдан шығаберісте Алтын Орда базарының маңында кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдан шығаберісте Алтын Орда базарының маңында кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та Райымбек даңғылындағы кептеліс түсірілген видео тарап жатыр. Видеодан кептелістің Ақкент ықшамауданына дейін жеткені көрінеді. Кейбіреулер кептелісті Алтын Орда маңындағы жолайрықтың құрылысымен байланыстырып отыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматыда карантин жарияланады. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Кеше премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама