ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 наурыз 2020 15:02
Алматыда карантин: Қаладан шығаберісте бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды
Алматыдан шығаберісте Алтын Орда базарының маңында кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
WhatsApp-та Райымбек даңғылындағы кептеліс түсірілген видео тарап жатыр. Видеодан кептелістің Ақкент ықшамауданына дейін жеткені көрінеді. Кейбіреулер кептелісті Алтын Орда маңындағы жолайрықтың құрылысымен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап Алматыда карантин жарияланады. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.
Кеше премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу