18 наурыз 2020 | 12:07

Алматыда карантин кезінде облыс тұрғындары жұмысқа бара ала ма?

© pexels.com

Алматыда карантин кезінде облыста тұратын, бірақ қалада жұмыс істейтіндерге қалаға кіруге тыйым салынады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда карантин кезінде облыста тұратын, бірақ қалада жұмыс істейтіндерге қалаға кіруге тыйым салынады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы брифингте әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты. Оның айтуынша, компанияларға қызметкерлері үшін қалада тұратын үй табу керек.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта кәсіпкерлер карантин кезінде олардың Алматы облысынан келетін қызметкерлерін қалаға кіргізу мәселесі туралы сұрап жатыр. Біз оларды кіргізуге тыйым салу керек деп санаймыз. Әйтпесе карантиннің мәні болмай қалады. Күнделікті облыстан жарты миллион адам жұмысқа келеді. Біз оларға көмектесуге дайынбыз. Барлық қонақүй, хостелдер бос тұр. Бұл карантин кезінде қалаға көшіп алуға жақсы мүмкіндік. Немесе қызметкерлерін төленетін еңбек демалысына жіберсін немесе қашықтан жұмыс істеуге көшсін", - деді әкімнің орынбасары.

Алматыда сұлулық салондары, фитнес және SPA орталықтар жабылады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная