Алматыда карантин кезіндегі кептеліс видеоға түсіп қалды

Алматыда карантин кезіндегі кептеліс видеоға түсіп қалды

Әл-Фараби даңғылындағы кептеліс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әл-Фараби даңғылындағы кептеліс видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарының мәліметінше, полицейлер ол аумаққа блокпосттар қойып, құжаттарды тексеріп жатыр.

Реклама
Реклама

Кептелістің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Видео кадрларының екі полиция көлігінің жолды жауып қойғаны көрінеді.

Желі қолданушылары карантин кезінде мұндай кептелістің қайдан пайда болғанын түсінбей отыр.

"Әл-Фараби даңғылында кептеліс. Карантин қайда?" дейді видео авторларының бірі.

Сондай-ақ, жүргізушілер қаланың басқа аумақтарында да осындай блокпосттар тұрғанын айтады.

Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қалалық полиция департаментіне сауалхат жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама