ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2021 | 16:44
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты Алматыда карантин шаралары күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Қалықовадан тілшілер "қалада коронавирус жұқтырғандар санының 700-ден асуына байланысты Алматыда карантин күшейтіле ме" деп сұрады.
"Егер карантинді күшейту шарасы туралы айтатын болсақ, мәселе жағдай одан әрі нашарласа және инфекциялық стационарларға жатқызу дерегі көбейген кезде қаралады", - деп жауап берді Әсел Қалықова.
Бұған дейін Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтылған еді.
"Эпидемия басталғаннан бері 9 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтарған 39 655 жағдайы тіркелді, 2021 жылдың наурызында 9 525 жағдай, соңғы тәулікте 717 адам тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш, алдыңғы 7 күндегі 215,2-ге қарағанда R = 1,132", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также