22 шілде 2020 | 09:20

Алматыда карантин режимін бұзғандарды анықтайтын рейд жүрді

© Аlmaty.tv

Almaty.tv телеарнасының журналистері карантин режимін бұзатындарды анықтайтын мониторинг тобымен бірге рейдке шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Almaty.tv телеарнасының журналистері карантин режимін бұзатындарды анықтайтын мониторинг тобымен бірге рейдке шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарна мәліметінше, 5 шілдеден бастап бір ғана Жетісу ауданында 28 кәсіпорнына ірі көлемде айыппұл салынған. 

Реклама
Реклама

Тексерушілер автобустарды, дүкендерді, автожуу орындары және үш адамнан көп жиналуға тыйым салынған қоғамдық орындарды да тексерген. 

Көшелердің бірінде ревизорлар маска тақпай жүргендерді анықтаған. Тексерушілерді байқаған адамдар жан жаққа шашырап кеткен. 

"Жабық дүкендер және осындай қызмет көрсететін орындарда қызметкерлердің барлығы маска тағуы міндеттеледі. Қазір осы жердің әкімшілігіне айыппұл хаттамасы толтырылды. Оның көлемі 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 80 мың теңге көлемінде. Заң бұзушы оны 1 апта ішінде кешіктірмей төлесе, 50 пайыз жеңілдікпен, яғни 40 мың теңге төлей алады", - деді Жетісу ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ғалия Нәсіпова.

Бұған дейін Алматыда маскасыз жүргендерге 83 мың теңге айыппұл салынатыны хабарланған. Егер айыппұл бір аптаның ішінде төленсе, сомасы 41 мың теңгеге қысқарады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная