ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2020 | 15:00
Алматыда карантинде жұмыс істеген демалыс орны анықталды
Алматыда карантинге қарамастан демалыс аймағы жұмыс істеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда карантинге қарамастан демалыс аймағы жұмыс істеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Жүзу бассейні бар кешен, тексеру көрсеткендей, әдеттегі кестеге сай жұмыс істеді: келушілер қарсы алынды, санитарлық шаралар сақталмад. Аудан әкімдігі, ӨКБТУ және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы бақылау тобы жүргізген тексеру кезінде бұл мекемеде шамамен 30 адам демалды. Олардың арасында кішкентай балалары бар отбасылар да болды. Демалушылар ортақ бассейнді пайдаланды, олар әлеуметтік қашықтық пен негізгі гигиена туралы ұмытып кеткен сияқты. 28 адамға қатысты СЭС өкілдері ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасады", - деді Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Сонымен қатар, полицейдің айтуынша, демалыс аймағының иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – 230 АЕК құрайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также