Алматыда карантинге байланысты саябақтар жабылды

Алматыда карантинге байланысты саябақтар жабылды

Алматыда карантинге байланысты барлық қалалық демалыс саябақтары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда карантинге байланысты барлық қалалық демалыс саябақтары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, Family Park, Ботаникалық бақ, "Қиял әлемі" саябағы, хайуанаттар бағы, "Атакент" ҚІЫО, "Южный" саябағы уақытша жабылды.

Еске салайық, бұған дейін "Медеу" мұз айдыны, "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, Пионер шыңы, Көк Төбе саябағы жабылған. Сондай-ақ, қала тұрғындарына тауға шығуға тыйым салынды. Іле Алатауы ұлттық паркі де жолды жауып тастады.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама