Алматыда қараусыз қалған кинотеатрда ретроавтобильдер музейі ашылмақ

Алматыдағы Шұғыла кинотеатры. Фото: Almaty.tv

Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірінде ретроавтомобильдер музейін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыдағы қараусыз қалған кинотеатрлардың бірінде ретроавтомобильдер музейін ашу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап. 

Портал мәліметінше, бұл Түрксіб ауданында орналасқан кеңес заманындағы әйгілі "Шұғыла" балалар кинотеатры. Оның ғимаратын 2019 жылы жеке инвестор сатып алған екен. Енді ол мұнда музей ғана емес, балаларға арналған балмұздақ кафесін, сондай-ақ кинозалдар ашуға ниетті.

"2000-жылдардың басына дейін кинотеатр "Отау Синема" желісіне кірген. Содан кейін ол қараусыз қалды, 2001 жылдан бастап жеке қолда. Содан бері бес қожайын ауысты, олардың соңғысы 2019 жылы келді. Бұл компания қазір ғимаратты қайта құру үшін техникалық шарттарға құжаттар тапсырды. Олар үлкен ретроавтомобильдер музейін ашуды, сонымен қатар кинотеатрдың өзін сақтап, балалар балмұздақ кафесін ашуды жоспарлап отыр.

Ғимарат иесінің өзі осы кинотеатрдың маңында, бала кезінен ондағы балмұздақ кафесіне барып өскен. Ол ғимаратты сол стильде қалпына келтіріп, барлығын ретро стилінде әсемдеп, заманауи кинотеатрмен жабдықтағысы келеді", - деп хабарлады Түрксіб ауданы әкімдігінің қызметкері Алматы Қоғамдық кеңесінің отырысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная