20 сәуір 2022 | 08:43

Алматыда қаржы пирамидасын құрды деген төрт күдікті қамалды

© Тұрар Қазанғапов

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген төрт күдікті қамауға алынды. Мұнда әңгіме Mudarabah Capital серіктестігінің қатысушылары туралы болып отыр, олардың екеуіне қатысты бұрын сот бұлтартпау шарасы ретінде кепілге санкция берген, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде тағы екеуі үй қамауында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұған дейін олардың бәрі ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша Алматы Полиция департаментінің тергеу басқармасында тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған болатын. Қылмыстық іс Astex.kz және ACD technology қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша бір топ азаматтың лауазымды тұлғаларға қатысты ұжымдық өтініші бойынша тіркелген.

Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында бұл ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқан. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әр салымшыға салым сомасының 20 пайызын төлеуі керек еді. 5 миллиард теңгеден астам мөлшердегі ақша қаражаты Astex.kz-ке 162 салымшыдан басқа компания - Mudarabah Capital арқылы келген.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ақтөбе облыстық соты қазақстандықтарды екі миллиард теңгеге алдап кеткен Home Avto Invest қаржы пирамидасын құрушыға және Ақтау мен Атырауда орналасқан ұйымның кеңсе басшыларына қатысты үкім шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram