ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2021 | 14:15
Алматыда қарсы жолақпен жүрген автобустың видеосы тарады
Алматыда автобус жүргізушісі Сүйінбай даңғылында қарсы жолаққа шыққан. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автобус жүргізушісі Сүйінбай даңғылында қарсы жолаққа шыққан. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік салонынан түсірілген видеодағы мәліметке сүйенсек, оқиға 5 сәуір күні кешке болған. Видео кадрларынан №33 автобус жүргізушісі негізгі қозғалысқа қарсы сол жақ жолақпен жүріп келе жатқанын көруге болады. Полиция көлік тізгінінде Алматы облысы Қарасай ауданының 56 жастағы тұрғыны болғанын хабарлады. Салонда жолаушылар болған-болмағаны туралы деректер жоқ.
"Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автобус жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі бойынша шаралар қабылдады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабын бұзғаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушы кінәсін толық мойындады. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, қаңтардың соңында Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Алматылық тұрғын сол жерде қаза болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также