22 сәуір 2021 | 10:26

Алматыда қарттар үйінде екі адам коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда қарттар үйінде екі ер адам коронавирустан қайтыс болды. Тағы бір әйел жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Бұл мәліметті "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығының өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қарттар үйінде екі ер адам коронавирустан қайтыс болды. Тағы бір әйел жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Бұл мәліметті "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығының өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына марқұмдардың бірі - 67 жастағы Серік Хамитовтің туыстары хабарласты. Оның туысы Олжас Хамитовтің сөзінше, ағасы "Шаңырақ" орталығында жатқанына жарты жылдан асқан. Ер адам мекеме қызметкерлері ағасынан коронавирус белгілері байқалған кезде бірден ауруханаға апармағаны үшін айыптап отыр. 

"Соңғы рет анам ол кісімен сөйлескенде ағам жөтеліп жатты. Біз ол неліктен дәрігерге қаралмайтынын сұрағанда, мекеме қызметкерлері дұрыс қарамайтынын айтты. Сосын 16 сәуірде бізге хабарласып, ол коронавирус жұқтырып, ауруханада ауыр жағдайда жатқанын айтты. 18 сәуірде ол қайтыс болғанын естідік.   

Неліктен олар уақытында емдеп, ПТР-тест тапсыртпады? Бұл қызметкерлердің салғырттығы. Мен тексеріс жүргізу керек деп есептеймін, - дейді марқұмның туысы Олжас Хамитов. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ер адам марқұм ағасында ешқандай созылмалы ауру болмағанын айтады. 

"Бұл орталыққа келерден бұрын барлық талдаудан өткен. Сау болатын, тек аяғы ауырсынатын. Ал жалпы жағдайы жақсы болған. Оның өз отбасы болмады, тек әпкесі - яғни менің анам. Анам да біраз жасқа келіп қалған, бір бөлмелі пәтерде 1-топтағы мүгедек қызымен тұрады, ал мен басқа қалада тұрамын. Сондықтан ағамды сол орталыққа береміз деп шешкенбіз.

Зейнетақысының жартысы сол орталыққа төленетін, ол өмір бойы шопыр болған. Ал қалғанын мемлекет төлейтін", - дейді Олжас Хамитов.  

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі ер адам шынымен ауыр жағдайда коронавируспен ауруханаға түскенін айтты.

"Шаңырақ" орталығы директорының орынбасары Сымбат Нәбиеваның сөзінше, Серік Хамитов расында 2020 жылдың қазанынан бері қарттар үйінде тұрып келген. Сонымен қатар, ол ер адам коронавирустан қайтыс болғанын растады. Алайда марқұм соңғы күндері қатты жөтелгені жалған екенін айтады. 

"Күн сайын біздің дәрігерлер тексеріс жүргізіп, дене қызуын тексеріп, бәрін журналға толтырады. Бәрін тексерсеңіздер болады. Серік Хамитов өзі жүретін, бірақ соңғы күндері әлсіреп қалды. Бұл туралы туыстарына айтқан болатынбыз.

Аптасына екі рет - басында және соңында ПТР-тест тапсырады. Осы жолы апта ортасында - 14 сәуірде істедік. Ал 16 сәуірде Хамитовтен коронавирус анықталды. Жедел жәрдем келгенде оның сатурациясы төмен болды. Ол ауруханада қайтыс болды, ал 21 сәуірде оны антиковид бригадасы арнайы жерде жерледі. Ал Олжас Хамитовке зейнетақысынан қалған 57 мың теңгені бердік. Ол ешқандай шағымы жоғын айтып, қол қойып кеткен болатын", - дейді Сымбат Нәбиева. 

Сондай-ақ Сымбат Нәбиева бұған дейін бір күн бұрын орталықтың тағы бір клиенті қайтыс болғанын айтады. 

"Біз қалған науқастар сол адамнан жұқтырды деп ойлап отырмыз. Ол Қалқамандағы инсульт бөлімшесінен келген еді - ол жерде 26 наурыз бен 12 сәуір аралығында жатты. Ауруханадан шығып, қайтадан орталыққа келіп, тапсырған тест нәтижесі оң шықты. Ол сол ауруханада коронавирус жұқтырған болуы мүмкін, себебі бізде тазалау жұмыстары жүргізіледі. 14 сәуірде науқастан коронавирус анықталып, 17 сәуірде қайтыс болды", - дейді Нәбиева.  

Бүгінде жұқпалы аурулар стационарында "Шаңырақ" орталығында тұратын тағы бір әйел жатыр. 

"Болған жайттан кейін барлық қызметкер мен науқас тексерістен өтті, ешкім ауырып жатқан жоқ", - деді орталық өкілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная