ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2023 | 09:12
Алматыда қашан қар жауады?
Қараша айы алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен қуантады. Қазгидромет айдың аяғына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қараша айы алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен қуантады. Қазгидромет айдың аяғына дейінгі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21-30 қарашаға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Алматыда ауа температурасы Цельсий бойынша 17 градусқа жетеді. Күндізгі ең төменгі температура +3 градус Цельсий болады. Алматыда қарашаның аяғына дейін жаңбыр жауады, ал қарашаның соңғы күні қар жаууы мүмкін.
23 қараша: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7 градус.
24 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, күндіз +5+7 градус жылы.
25 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, күндіз +8+10 градус.
26 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +11+13 градус жылы.
27 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +13+15 градус жылы.
28 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +13+15 градус.
29 қараша: бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +6+8 градус жылы.
30 қараша: бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,+2 градус, күндіз +3+5 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также