10 қаңтар 2022 | 17:15

Алматыда қашан күн шығады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда 4 қаңтардан бері тұман түсіп, бұлтты ауа райы сақталып тұр. Алматыда қашан күн шығады? Бұл сұраққа "Қазгидромет" РМК-ның метеорологиялық болжам бөлімі бастығы Дәулет Кисебаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 4 қаңтардан бері тұман түсіп, бұлтты ауа райы сақталып тұр. Алматыда қашан күн шығады? Бұл сұраққа "Қазгидромет" РМК-ның метеорологиялық болжам бөлімі бастығы Дәулет Кисебаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптик Дәулет Кисебаевтың болжамы бойынша, апта аяғына дейін қалада күн шықпайды. Мұндай ауа райы 14 қаңтарға дейін сақталады.

"Осы аптада бұлтты ауа райы болады, кейде күн ашылуы мүмкін. Түнде және кешке тұман түседі. 14 қаңтарға дейін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, таңғы уақыттарда тұман және көктайғақ болады. Термометр бағаны түнде 0,5 градус, күндіз 0 градус шамасында. Жұмаға қарай ауа райы болжамы жаңарады", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная