29 наурыз 2022 17:56

Алматыда қатты жел тұрып, ағаштар құлап, шатырлар ұшып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматыда қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, көптеген үйдің шатырлары ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, көптеген үйдің шатырлары ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде қаланың әр жерінде ірі бұтақтар мен ағаштардың құлағанын жарыса жазып жатыр. Оқырмандар ағаштардың бірі Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысындағы аялдама маңында құлағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Тағы бір үлкен бұтақ Мақатаев көшесінде көлікті басып қалған.

Тәтібеков пен Колпаковский көшелерінің қиылысында ғимараттың шатыры ұшып сол маңдағы көліктердің үстіне құлаған.

Қаланың тағы бір ауданында қатты жел бизнес орталықтарының бірінің қаптамасының металл элементтерін жұлып кеткен. Жақын маңдағы көліктер зардап шекті.

Жүргізушілердің бірі көлігінің мыжылған жүк салғышын видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, ол Әл-Фараби даңғылымен салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқанда көлікке бетон блок құлаған.

Еске салайық, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қатты жел туралы ескертіп, желдің екпіні мен жауын-шашын кезіндегі азаматтардың қауіпсіздік ережелерін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram