Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

Реклама
Реклама

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – деді ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама