Алматыда қайтыс болған әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/DenMinPR

Қайтыс болған қазақстандық әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болған қазақстандық әйел донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болғаннан кейін донордан көпағзалық ағзалар алынған.

Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауға мүмкіндік туған:

Реклама
Реклама
  • жүрек 1988 жылы туған пациентке;
  • бауыр-1982 жылы туған пациентке;
  • оң бүйрек – 1996 жылы туған пациентке;
  • сол жақ бүйрек – 2017 жылдың қазан айынан бастап трансплантаттауды күткен 1966 жылы туған пациентке;
  • мөлдір қабық -1983 және 1956 жылы туған пациенттерге ота арқылы салынған.

Процесті ұйымдастыру мен үйлестіруді Алматының жетекші трансплантаттау орталықтарымен бірлесіп, ҚР ДСМ Республикалық трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығы қамтамасыз еткен.

"Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жағдайы жақсы екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін атап өтті. Бұл өмірді сақтап қалуға келгенде жастың кедергі емес екенін тағы бір рет растайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама