ПОДЕЛИТЬСЯ
23 сәуір 2020 | 14:11
Алматыда қайтыс болған науқас туралы жаңа деректер шықты
Бүгін Алматыда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастан вирус 17 сәуірде анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Алматыда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастан вирус 17 сәуірде анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Науқас 1964 жылы туған. КВИ 17 сәуірде анықталды. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.
"22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады", - делінген хабарламада.
Биологиялық өлім сағат 07:00-де анықталды. Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2207 адам анықталды. Жалпы 20 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также