Алматыда қазан және қаңтарда із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындар өлі табылды

viewings icon
250
comments icon
0
©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда 2024 жылғы қазан және 2025 жылғы қаңтарда жоғалып кеткен тұрғындар өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 2024 жылғы қазан және 2025 жылғы қаңтарда жоғалып кеткен тұрғындар өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кривенко Владимир 1971 жылы туған, биыл 3 қаңтарда жоғалып кеткен. Ер адам түскі сағат 12 шамасында үйінен шығып кеткен. Мекенжайы: Әуезов ауданы, Ақжүніс көшесі, 45-үй.

Белгілері: бойы – 174 см, арық денелі, шашы қара, ақ шаш аралас, көздері қоңыр. Еріктілердің мәліметінше, ол 24 наурызда өлі табылған.

Фидря Владимир Ильич 1954 жылы туған, 2024 жылғы 2 қазанда жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да үйінен шығып кеткен. Мекенжайы: Әуезов ауданы, Ақсай-3Б шағынауданы, 7-үй.

Белгілері: бойы – 170 см, орта денелі, шашы қысқа, ақшыл, көздері қоңыр.

Волонтерлер дерегінше, ол 27 наурызда өлі табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная