ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2019 | 15:15
Алматыда Қазыбек би көшесінде қозғалыс уақытша тоқтатылады
Алматыда Қазыбек би көшесінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желісі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Қазыбек би көшесінде қозғалыс уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желісі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2019 жылы 13 ақпан - 25 сәуір аралығында Қазыбек би көшесі Мұқанов пен Масанчи көшелерінің аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Қозғалысты уақытша шектеу шарасы магистрал жылу желісін жоспарлы қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты. Жылу желісі осы аралықтағы жер астында орнатылған. Төле би және Әйтеке би көшелері арқылы айналып өтуге болады", - делінген хабарламада.
Тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыратын Алматының инженерлік желілерін қайта жаңарту штаттан тыс жағдайларды және қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет.
Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстары тұтынушыларға жылу беру бойынша әсер етпейді.
"Мәжбүрлі ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және осы аймақты айналып өтуді қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламда.
Показать комментарии
Читайте также