16 желтоқсан 2022 15:17

Алматыда кейбір маршрутта автобустар жаңартылады

Алматыда кейбір маршрутта автобустар жаңартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кейбір маршрутта автобустар жаңартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданында орналасқан Каменское плато, Ақтөбе ауылы, Қайың тоғайы, Таужолы шағынаудандары мен ОС ардагерлері госпиталі маңында тұратын тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін 2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап келесі маршруттарда жаңа автобустар шығарылатын болады:

  • №5 маршрут "Қалдаяқов көшесі - Жібек жолы көшесі - Ақтөбе ауылы";
  • №5а "Қалдаяқов көшесі - Жібек жолы көшесі - ОС ардагерлері госпиталі";
  • №5б "Жібек жолы көшесі - ОС ардагерлері госпиталі";
  • №5в "Қайың тоғайы - Достық даңғылы - Оспанов көшесі";
  • №26 "№7 қалалық аурухана - Экологиялық пост".
Реклама
Реклама

Кейінгі айларда бұл маршруттарда жоспарлы жылжымалы бірліктің жолға шығуы 50 пайызға дейін төмендегендіктен, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін "Сапаршы" ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды.
№5 маршрутқа 4 жылжымалы бірлік, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылған.

Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатыр. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Алматы әкімдігі ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram