02 желтоқсан 2024 | 12:29

Алматыда кезекші ХҚКО-лар мекенжайы өзгерді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 желтоқсаннан бастап Алматыда екі кезекші арнайы ХҚКО жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 желтоқсаннан бастап Алматыда екі кезекші арнайы ХҚКО жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Саялы шағынауданында, Аққайнар көшесі, 1 және Кемел шағынауданында, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайларында арнайы ХҚКО-лар болады.

Мамандандырылған орталықтар азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдер сағат 18:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Сенбі күні өтінімдер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, ал құжаттар сағат 13:00-ге дейін беріледі.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, екі кезекші ХҚКО-ның мекенжайлары өзгерді. Кезекшілік кестесі бойынша Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы Серіков көшесі, 6А мекенжайында және Медеу ауданының орталығы Марков көшесі, 44 мекенжайында жұмыс істейтін болады.

Алматы қаласындағы қалған барлық ХҚКО және арнайы ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі күні демалыс күні болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Сауд Арабиясына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная