ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2020 | 18:12
Алматыда KFC ғимаратының артындағы ағаштар кесілді
Алматыда KFC жылдам тамақтану желісінің ғимаратының артындағы ағаштар кесілді. Бұл туралы қаланың Жасыл экономика басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда KFC жылдам тамақтану желісінің ғимаратының артындағы ағаштар кесілді. Бұл туралы қаланың Жасыл экономика басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көктем-2, 2/1 үй мекенжайы бойынша төрт қарағаш заңсыз кесілген.
"Алматының Жасыл экономика басқармасына ешқандай өтініш түспеді, сәйкесінше, басқарма тарапынан ағашты кесуге ешқандай рұқсат берілмеді.
Дүйсенбі Алматы қаласының Полиция департаментімен бірлесіп жер учаскесінің иесі Есенғалиева Р. есімді азаматшаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде (41 670 теңге) айыппұл салынды", - дейді басқарма өкілдері.
Ағаштарды кесіп жатқаны туралы видеоны журналист Сергей Пономарев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
Енді кәсіпкерлер жалпы пайдаланылатын жерлерге 40 ағаш көшетін отырғызуға міндеттеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также