ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2021 | 16:04
Алматыда кинотеатрлар 17 сәуірден бастап ашылады
Алматыда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша 17 сәуірден бастап қайта ашылады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша 17 сәуірден бастап қайта ашылады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәдуақас Байғабылов "қызыл" аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды "билет кассалары" аймағына кіреберісте сканерленетінін мәлімдеді. "Қызыл" немесе "сары" статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады.
"Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі "жасыл". Кейінірек балалар арасында COVID-19 жұқтыру деректерін ескере отырып жасты қайта қарастырамыз", - деп түсіндірді Байғабылов.
Ол Ashyg жобасымен 15 сәуірде коронавирус жұқтырған 24 алматылық фитнес, бассейн, боулинг және компьютерлік клубтарға кіргізілмегенін қосты.
"Қызыл" - ауырып жүрген және "сары" - байланыста болған алматылықтар, COVID-19 жұқтырып, ауруы симптомсын не жеңіл өтіп жатқан адамдар 14 күндік оқшаулануды сақтамайтыны да айтылды.
Мәлімет бойынша, 9-15 сәуір аралығында 235 алматылық Ashyq-тан сытылып өтуге тырысып, мекемеге кірмек болған. Оның ішінде 211 алматылықта "қызыл", 24-інде "сары" белгі болған.
Айта кетейік, Алматы қазір "қызыл" аймақта тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также