25 мамыр 2020 18:07

Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады?

Сурет: Алихан Сариев

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталықтары қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталықтары қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кинотеатрлар сауда және ойын-сауық кешендерінде орналасқан. Екінші кезеңде біз фуд-корт жұмысын бастау мәселесін қарастырамыз, ал кинотеатрлар мен балалардың ойын алаңдарының жұмысы СОО ашылу барысында үшінші кезеңге өтеді. Біз бұл мәселеге эпидемиологиялық жағдайға байланысты ораламыз", - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин Алматыда балаларды дамыту орталықтарының ашылуы туралы айтты.

"Әдетте ондайда нашар желдетілетін бөлмеде 5-6 адам жиналады, сондықтан балаларға жеке сабақ өткізу қажет. Бұл мәселенің шешімін маусымның басына қарай қалдырдық", - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, Алматыда кейбір карантин шаралары әлсіреді. 18 мамырдан бастап қалада туроператорлар қызметінен шектеу алынды. Сондай-ақ, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелеріне, екінші деңгейлі банктерге және қаржы секторының басқа да ұйымдарына жұмысқа қайта оралуға рұқсат етілді.

Бүгіннен бастап, 25 мамырда қалада қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үйлер, жабық болған азық-түлік базарлары, ХҚКО, діни ғимараттар, СҮ, СО және СОО-ның кей бөлігі жұмысын бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram