12 қазан 2021 | 09:25

Алматыда кімдер ауруды көп жұқтырып жатқаны айтылды

Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Отырыс кезінде Алматыда кімдер ауруды көп жұқтырып жатқаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Отырыс кезінде Алматыда кімдер ауруды көп жұқтырып жатқаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қабылданған шаралардың және халықты вакциналаудың арқасында дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 169-дан 134,6-ға дейін төмендеді. Жыл басынан 10 қазанға дейінгі кезеңде 154,7 мың КВИ жағдайы, кейінгі тәулікте 326 жағдай тіркелді. Оның үстіне өткен аптада жұқтыру индексі 0,94-тен 0,89-ға дейін төмендеген.

Қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша Алматы халқының иммундық қабаты шамамен 53 пайыз.

Реклама
Реклама

"Демек, халықтың ресми санының 45 пайызы жыл басынан бері ауырғандардың +7,7 пайызы екі компонентпен егілді. Бұл ретте қолданылатын вакциналардың тиімділігі байқалады. Ағымдағы жылдың 10 қазанына КВИ екі компонентімен егілгендердің ішінен толық вакциналау курсынан өткен 892 482 адамның 2 717-сі ауырды, яғни барлығы 0,3 пайыз", - делінген хабарламада. 

Науқастардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде кейінгі  2 аптада 20-39 жас аралығындағы неғұрлым белсенді азаматтар арасында сырқаттанушылықтың 1,6 пайызға, 40-59 жас аралығында 1,3 пайызға, 60 жастан жоғары 0,7 пайызға өсуі байқалады. Бұл ретте 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануы тиісінше 0,9 пайызға және 0,6 пайызға төмендеді.

Соңғы 7 күнде науқастар саны өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар есебінен қалыптасты 27 пайыз, зейнеткерлер 24 пайыз (1 пайызға өсті), кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері 22 пайыз (1 пайызға өсті), оқушылар 12,3 пайыз (3 пайызға төмендеді) және мектеп жасына дейінгі балалар 4,3 пайыз (0,9 пайызға төмендеді).

Осылайша, мамандар мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдасқан топтары арасында ауру ұйымдастырылмағандарға қарағанда 4,4 есе төмен екенін айтады. Оффлайн оқудағы оқушылардың науқастануы онлайн оқуға қарағанда 10 есе төмен.

Жұқтырудың нақтылы анықталған орындары бойынша алдыңғымен салыстырғанда кейінгі аптада туыстармен, көршілермен және таныстармен байланыс кезінде тиісінше 0,4 пайыз және 0,7 пайызға төмендеген.

Жұқтырудың ықтимал орындары бойынша базарларда 2,8 пайызға, азық-түлік сауда желілерінде, супер-гипермаркеттерде 0,7 пайызға, орамішілік азық-түлік емес дүкендерде 0,6 пайызға, қоғамдық көлікте 1,8 пайызға, отбасылық іс-шараларды өткізу кезінде 0,4 пайызға өсу байқалады.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша басты жұқтыру орындары сауда объектілері 34 пайыз, қоғамдық көлік 20 пайыз, отбасылардағы байланыстар 16 пайыз, базарлар 13 пайыз.

Жедел штаб отырысын қорытындылаған Бақытжан Сағынтаев вакцинация бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, білім беру нысандарындағы эпидемиологиялық ахуалға мониторингті жалғастыруды, шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасына тұмау мен вакцинация күнтізбесіне кіретін ауруларға қарсы вакциналауды жалғастыру тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная