Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты

6 шілдеде Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы көлік холдингі мәлімдеді.

6 шілдеде Алматыда қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы көлік холдингі мәлімдеді.

Холдинг өкілі жолаушылардың аздығына байланысты автобустар тоқтағанын түсіндірді.

"Бүгін, 6 шілдеде Алматы қоғамдық көлігінің жұмысы тоқтатылды. Барлық жылжымалы құрам дезинфекцияға жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Көлік құралдары жұмысын 7 шілде күні сағат таңғы 6-да бастайды.

Еске салайық, Алматыда 5-20 шілде аралығына қатаң шектеу шаралары енгізілді. Осы кезеңде қалааралық автобустар тоқтатылды, сенбі және жексенбі күндері қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктер, соның ішінде метрополитен жұмыс істемейді. Қалалық қоғамдық көлік пен қала маңындағы автобус маршруттары 50 пайыздан аспайтын адамды ғана алып жүре алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама