20 мамыр 2020 14:21

Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

Алматыдағы қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық шұғыл штабқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық шұғыл штабқа сілтеме жасап.

Штабтың хабарлауынша, жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады.

Реклама
Реклама

"Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Егер барлық орын бос емес болса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90 пайызы жолға шығарылды. Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған бағыттарда көліктер саны артты", - делінген хабарламада.

Шұғыл штабтың хабарламасында қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ екені ескертілген.

"Санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады. Естеріңізге сала кетейік, қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram