17 маусым 2024 | 10:19

Алматыда қоғамдық тамақтану орнына жер учаскесі заңсыз берілгені анықталды

Алматы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша АШМ аумақтық ветинспекциясының басшысы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша АШМ аумақтық ветинспекциясының басшысы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану дерегін анықтаған.

"ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, қоғамдық тамақтану нысаны үшін мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.

Осыған байланысты прокуратура Алматы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін, кәсіпкерге кіріс әкелуде заңсыз жәрдем көрсетуді білдіретін теріс қылық жасағаны үшін ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы" ҚР заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) Аумақтық инспекция басшысы, "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жауапқа тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная