ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 қаңтар 2022 13:10
Алматыда көлік ағашқа соғылып, жүргізуші қаза болды
Алматыда Достық даңғылында көлік ағашқа соғылып, жүргізуші оқиға орынында қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол көлік оқиғасы болған жерден видео тарады.
"31 қаңтарда сағат 08:00-де жүргізуші С. Достық даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды. Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу