Алматыда көлік жүргізіп келе жатып ішімдік ішкен блогер жазаланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда көлік жүргізіп келе жатып ішімдік ішкен блогер жазаланды

Желіде блогер Гузель Калиеваның көлік жүргізіп келе жатып ішімдік ішкен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде блогер Гузель Калиеваның көлік жүргізіп келе жатып ішімдік ішкен видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, бұл дерек бойынша Алматы қаласы ПД түсініктеме берді.

"Дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. 1992 жылы туған К. есімді азаматша анықталып, ол видео үш күн бұрын түсірілгенін түсіндірді. Әйел мартини бөтелкесіне су құйып алғанын айтты. Ол ұсталған кезде сау болған", - деді полиция өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Блогерге қатысты көлік құралын қауіпсіздік белбеуін тақпай басқарғаны үшін ҚР ӘҚбтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама