ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2019 | 15:21
Алматыда көлік жүргізушісі полицияны "жаяу жүргіншімен келісіп алған" дегені үшін жазалануы мүмкін
Желіге полицейлер мен жаяу жүргінші өзара келісіп алған деген тұжырым жасап, бейнежазбаны таратқан көліктің жүргізушісі жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіге полицейлер мен жаяу жүргінші өзара келісіп алған деген тұжырым жасап, бейнежазбаны таратқан көліктің жүргізушісі жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Мұның алдында Желіде видеоролик пен аудиожазба тараған еді. Аудиожазбада ер адам полицейлерді жаяу жүргіншімен келісіп алды деп айыптайды. Ал бейнежазбада ер адамның көліктің астына түспекші болып жасап жатқаны көрініп тұр. Жүргізуші тоқтап үлгереді, бірақ жаяу жүргіншіні соқпайды. Бірақ ол жерге жатып қалады. Көлік иесі сыртқа шығып оны тепкіге алады. Бірнеше секундтан кейін ол жерге полицей көлігі келеді. Ер кісі тәртіп сақшыларына көлікте бейнежазбаның бар екенін айтады. Бірақ полиция басқармасында көлік иесінің бұл мәселеге байланысты көзқарасы қате екенін айтты.
Полицейлер болса жүргізушінің ақпараты шындыққа жанаспайтынын айтты. Құқық қорғау органдарының айтуынша, таңертең сағат 07.31-де жедел басқару орталығына әйел адам хабарласқан. Оның айтуынша Түрксіб ауданындағы Кассина көшесінің жол бойында орналасқан жеке секторда ер адам жүгіріп, көлік астына түсіп жүрген. Бұл хабарламаға "Буран-288" жол-патруль экипажы аттанған.
"Патруль айтылған жерге барды. Ол жаққа жеткен кезде олар мынаны көрді: жерде ер адам жатты, жанында Lada көлігі болды. Көліктің иесі болса, өз көргенін айтып берді. Ер адам мас күйінде, екі аяғында әрең тұрған. Істі анықтау үшін экипаж екі жақты да полиция басқармасына жеткізді. Ол жақта жүргізуші видеотіркегіш құрал арқылы болған жағдайды көрсеткеннен кейін, оған сұрақтар туындамады. Ал жаяу жүргіншіге сұрақтар пайда болды. Қоғамдық ортада мас күйінде жүргені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, бейнежазбаның авторы жағдайды дұрыс түсінбей, оны Желіде таратқан. Осы мәселеге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жүргізуші үлкен кісі, өз ісіне жауапты болу керек. Қате пікірін қоғамға жариялай бастады. Оған қоса, ол кісі жағдайды егжей-тегжейлі түсінбеген. Әр адам өзінің жариялап жатқан дүниелеріне жауап беруі тиіс. Жалған ақпаратты таратқаны үшін адам қылмыстық заңнамамен жауап береді. Бұл жағдай бойынша біз алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуге бастамашы болдық", - деді Әзірбек.
Показать комментарии
Читайте также