Алматыда көлік жуу орны сүрілді

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда сот шешімі бойынша, көлік жуу нысаны сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда сот шешімі бойынша, көлік жуу нысаны сүрілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған.

Реклама
Реклама

"Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.

Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірді. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімі бойынша, автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды", - делінген хабарламада.

Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларымен нысанды ерікті түрде бұзды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама