13 тамыз 2024 | 15:30

Алматыда көлік көп жүретін көшелердің бірі уақытша жабылады

Фото: depositphotos.com

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәтбаев көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 14 тамыз сағат 08.00-ден 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен, батыс бағытта Интегральная және Инженерная көшелерімен айналып өтуге болады.

"Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні