Алматыда көлікті тоқтатып, ішіндегілерді тепкіге алғандар видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматыда жолдағы тосын оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жолдағы тосын оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 4-те Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелері қиылысында болған.

"Олар көлікте келе жатты, жолын кесіп, осы көлікті тоқтатып, ішіндегісін тепкілей жөнелді. Қолдарында қару бар дейді", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Кадлардан үш ер адам жол бойында тоқтап тұрған ақ түсті көлікті қоршағаны байқалады. Шабуыл жасаушылардың бірі көлікте отырған адамды тепкілейді. Тағы үшеуі соққыға жығылғандарды көліктен шығаруға тырысады. Сосын бір адамды көліктен сүйреп түсіріп, белгісіз жаққа алып кетеді.

Ақ көліктегі адамдарға не болғаны әзірге белгісіз.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қазір полицейлер жол бойындағы жанжалға қатысушыларды іздестіріп жатыр.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Күдіктілер міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама