ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2024 | 17:54
Алматыда көліктердің түтінін тексеруге рейд басталды
Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтінін тексеру бойынша рейд жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда автокөліктерден шығатын улы газ бен түтінін тексеру бойынша рейд жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Экология және қоршаған орта басқармасы Полиция департаменті және Табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жылжымалы экологиялық зертхананы және 3 жылжымалы экологиялық бекетті тарта отырып, Алматының ауа бассейнін ластаудың негізгі көзі болып табылатын автомобильдердің улы газ бен түтінінің деңгейін өлшеу бойынша рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жүк, жеңіл автокөліктер мен автобустар тексеріліп жатыр. Бензин қозғалтқыштары бар автомобильдердің пайдаланылған газдарын өлшеу көмірсутектердің, көміртегі оксидінің, көмірқышқыл газының, оттегінің құрамына сертификатталған "АВТОТЕСТ-02.03" көп компонентті газ анализаторларымен жүргізіледі. Дизельді көліктердің пайдаланылған газ түтінін МЕТА-01 МП 0.1(ЛТК,К) өлшегішінің көмегімен тексеріледі", - делінген хабарламада.
Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерін бұзғаны үшін көлік құралдарының иелері ҚР ӘҚБтК–нің 334-бабы ("Шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерін асыра отырып, автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оған сәйкес жеке тұлғаларға-10 АЕК, заңды тұлғаларға - 100 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл көзделген. Жыл ішінде қайталанған жағдайда автокөлік иелеріне жеке тұлғаларға – 20 АЕК, заңды тұлғаларға - 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
2023 жылы қаланың периметрі бойынша орналасқан 19 стационарлық экопостта шамамен 213 011 өлшеу жұмыстары жүргізілген (бензин қозғалтқышымен - 206 492, дизель қозғалтқышымен – 6 519), олардың ішінде улы газ бен түтіннің белгіленген деңгейінің артуы барлық тексерілген автомашиналардың 15,4 пайызынан анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также