Алматыда колонияның бұрынғы басшысы ұсталды

Бекзат Акимбай. Фото:gov.kz

Алматыда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша бұрынғы колония басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша бұрынғы колония басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстаған.

"Ол Алматы бойынша ҚАЖД-ның №13 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарады", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ ҚАЖК берген мәлімет бойынша, аталған тұлға ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.

"Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді", – деп мәлімдеді ҚАЖК.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама