27 қаңтар 2021 | 13:01

Алматыда коммуналдық тарифтер неге өзгергені айтылды

Фото:pexels.com

Алматыда 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу мен электр энергиясының тарифі төмендейді. Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Қаленов коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеру себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу мен электр энергиясының тарифі төмендейді. Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Қаленов коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеру себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматыда жылумен қамту тарифі үш пайызға төмендейді.

Реклама
Реклама

"2020 жылы жылу энергиясының тарифі өзгерген жоқ және ҚҚС-сыз гигакалорияға 4294,6 теңге болды. Бұдан бөлек, халыққа арналған тарифтер: көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап екі пайызға, ТЖ режимі уақытында ыстық су 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында 10 пайызға төмендеді.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты халық үшін тарифті 3 пайызға төмендетуге мүмкіндік туды. Үнем көлемі 552 миллион теңге", - деді Тимур Қаленов.

Шенеуніктің айтуынша, сумен жабдықтау және суды бұру саласында да өзгерістер болған.

"Департамент 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейін бекітті. Оған сәйкес сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф төрт пайызға, су бұру қызметтері бойынша тариф 0,1 пайызға төмендеді. 2020 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін сумен жабдықтау және суды бұру тарифтері төтенше жағдай кезінде он пайызға төмендеді", - деді ол.

Электрмен жабдықтау тарифі 2020 жылдың соңында бұрынғы деңгейде қалды, бірақ 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап ол 1,5 пайызға, заңды тұлғалар үшін 1,2 пайызға төмендейді. Бұл электр энергиясын беру және теңгеру, қуатты қамтамасыз ету тарифтерінің төмендеуіне байланысты. Үнем көлемі 554 миллион теңге, заңды тұлғалар үшін 820 миллион теңге.

Сондай-ақ, Тимур Каленов 2020 жылы Департамент тарифтерді бекіту бойынша 38 өтініш қаралып, 27 уақытша тариф енгізілгенін айтты.

"Сонымен қатар, 2020 жылы 106 әкімшілік іс қозғалып, 205 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Құқықбұзушылықты қалпына келтіру және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 33 ұйғарым енгізілді", - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жылу және электр энергиясымен жабдықтау тарифінің төмендегені туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная