19 мамыр 2021 | 12:42

Алматыда Қонаев бейнеленген мурал қалпына келтірілді

Қалпына келтірілген Дінмұхамед Қонаевтың портреті

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған мурал вандалдардың әрекетінен кейін қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған мурал вандалдардың әрекетінен кейін қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реставрация муралдың авторы саналатын Tigrohaud crew бірлестігінің көше-арт-суретшісі Ержан Танаевтың бастамасы бойынша жасалды. Ол досынан муралға барып, салынып кеткен мұртты алып тастауды өтінген.

Реклама
Реклама

Танаевтың өзі қазір Ақтауда. Ол белгілі қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтің портреті бар муралды безендіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондықтан суретші Алматыға келіп, граффитиді қалпына келтіре алмады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдіргені белгілі болған. Қонаевтың портретіне мұрт салып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная