Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

Видеодан алынған кадр

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Алмалы ауданында 18 қабатты үйдің 4-қабатында пәтер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, сағат 10:13-те Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167 үй, 4-блок, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтердің 30 шаршы метр аумақта асүй мен бөлмелері өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Реклама
Реклама

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Tengrinews.kz тілшісіне өрт оқиғасының куәгері жіберді.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 10:44-те оқшауланды, 10:59-да жойылды. Өрттің 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.

Газ және түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялады. Келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін жабдықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама