Алматыда көпқабатты үйдің балконы өртенді: 12 адам құтқарылды

видео кадры

Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында пәтер өртенді. Куәгерлер өртті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында пәтер өртенді. Куәгерлер өртті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер түсірген видеода көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконы өртеніп жатқаны көрінеді. Кейінірек жалын бесінші қабатқа тараған.

Реклама
Реклама

ТЖМ мәліметінше, Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағынауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт шыққан жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.

"Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өртсөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді", - делінген хабарламада.

ТЖД күшімен баспалдақ маршы және құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылған. 1946 жылы туған кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама