Алматыда Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды

Алматыда Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды

Алматыға Оңтүстік Кореядан ұшып келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыға Оңтүстік Кореядан ұшып келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келгендердің арасында Қазақстанның 93 азаматы бар, қалған жетеуі басқа елдерден.

"Бұл - стационар. Енді Сеулден келген қазақстандықтар мен басқа елдердің кей азаматтары карантинге жатқызылады. Олар аман-сау. Қала әкімінің аймақтық штабы олардың вирустық ауру тараған аймақтан келгенін ескере отырып, 14 күнге карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Реклама
Реклама

"Қаланың эпидемия кезінде осы санаттағы азаматтарды оқшаулау үшін кей стационарды пайдалануға құқы бар. Барлығы аурудың қала мен республика тұрғындары арасында таралмауы үшін жасалады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келгендер 5 наурыздан бастап карантинге жіберілетіні хабарланған болатын. Ал 8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама