ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2020 | 17:11
Алматыда коронавирус анықталған төртінші науқас ұлы ауырған соң дәрігерлерге жүгінген
Коронавирус анықталған төртінші адам Ресейде COVID-19 жұқтырған ұлымен көрісіп келген соң Алматы дәрігерлеріне өзі барған. Бұл туралы брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус анықталған төртінші адам Ресейде COVID-19 жұқтырған ұлымен көрісіп келген соң Алматы дәрігерлеріне өзі барған. Бұл туралы брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Алматыда короновирус табылған төртінші науқас туралы 14 наурызда хабарланған. Ер адамның Мәскеуден келгендігі белгілі болды, бірақ ол Қазақстан азаматы.
"Ол жерде туыстарымен, ұлымен болған. Ұлы кейін коронавируспен ауырып қалған. Ол бұл туралы бізге хабарлаған жоқ. Кеше кешке бізге келді, анализ алдық. Таңертең талдау оң нәтиже көрсетіп, ол ауруханаға жатқызылды", - деді Тілеухан Әбілдаев.
Ведомство басшысы онымен бірге әйелі де оқшауланғанын айтты.
Коронавируспен күресу үшін үкіметтің республикалық қорынан Алматы қаласының медициналық қызметіне көмек көрсетуге 73,5 миллион теңге бөлінді. Ақша жеке басты қорғау құралдарына, дәрі-дәрмектер, оның ішінде вирусқа қарсы препараттар және басқаларға жіберілді. Сондай-ақ, қала әкімінің қорынан 94,5 миллион теңге бөлінді. "Қажет болса, үкімет қоры қосымша қолдау көрсетеді деп ойлаймын", - деді Тілеухан Әбілдаев.
Бұған дейін ведомство басшысы Алматыдағы коронавирус жұқтырған төрт адамның жағдайы туралы айтып берген. Оның айтуынша, үш науқастың жағдайы бүгінде қанағаттанарлық, бір науқастың жағдайы орташа. Олардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также