Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз аурудан айықты

Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз аурудан айықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз аурудан айықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз бүгін, 28 наурызда Алматыдағы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылған.

"Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті", - деп хабарлады дәрігерлер.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қыз 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген болатын. Экипажды қоса алғанда барлық борт оқшауланған.

Нәтижесінде, бұл - бүгінде стационардан шыққан үшінші науқас.

Барлық босатылған науқасклиниканың медициналық қызметкерлерінің бақылауымен үйге 14 күндік карантинге жіберілді.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 208-ге жетті, 15 адам айығып, бір адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама