09 қыркүйек 2021 13:35

Алматыда коронавирус жұқтырғандар жататын ауруханалар азайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған фото

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты коронавирус жұқтырғандар жататын ауруханалар саны азайды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты коронавирус жұқтырғандар жататын ауруханалар саны азайды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық төсектер қажеттілігі азайып келеді. Табынбаев осыған байланысты қалалық ауруханалар біртіндеп бейінді бағыттары бойынша жұмысқа қайта оралатынын айтты. Қалалық ревматологиялық орталықтың, тері-венерологиялық диспансердің, Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының және Hak Medical клиникалық стационарының дәрігерлері, сондай-ақ Astana International қонақ үйінің қызметкерлері әдеттегі жұмысына кіріскен.

"Сонымен қатар, 8 қыркүйектен бастап Halyk Arena-дағы аурухана науқастардан толығымен босатылып, консервацияланып, резервке қойылды. Науқастарды шығарып, санитарлық тазалаудан өткізгеннен Қалалық кардиологиялық орталық, Жедел шұғыл көмек ауруханасы және Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталі өзінің бейінді жұмысына кіріседі", - деді Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Бұған дейін қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақталғанын айтқан болатын. Алайда ол эпиджағдайды бағалау матрицасында қала "қызыл" аймақта екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram