ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2020 | 12:56
Алматыда коронавирус жұқтырғандарды емдеудің жаңа бағдарламасы жасалмақ
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеудің жаңа бағдарламасы жасалмақ. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме жақында қалада жасалмақ телемедицина жайлы болмақ.
"Пандемия жалпы медициналық қызмет көрсету саласында біршама өзгеріс енгізді. Біздің мақсатымыз - науқастарды қашықтан емдеу. Науқастар медициналық қызметкерлер тарапынан қараусыз қалдық деп не оларға ешкім қарамады деп ойламауы керек. Науқастарды мониторинг жасау орталығы көбіне жағдайы ауыр, тәуекел тобындағы науқастарға баса назар аударады.
Негізгі міндет - біздің науқастар қашықтан, үйден шықпай телемедицина арқылы қандай да бір қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болу. Осы бағыт бойынша ірі бағдарлама жасалып жатыр. Мен ол жақын арада таныстырылады деп ойлаймын", - дейді Надыров.
Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 10 933-ке жетті. Оның ішінде, 6649 адам аурудан айықса, жалпы 73 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также